Жаздың үшінші айы да қатты ыстық болады деп болжануда

Жаздың үшінші айы да қатты ыстық болады деп болжануда
Сурет: Zakon.kz

Тамызда орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С-ге жоғарылайды.

Қазгидромет мәліметінше, тек республиканың солтүстік-батысында қалыпты күн райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл айда ел бойынша орташа температура +20+28°С болса, солтүстік-шығыста +16+19°С, оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда +11+15°С-ге жетеді. Бұл орайда Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында температура норма шамасында болады.

Тамызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты көлемнен де аз түседі деп болжанды. Дегенмен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Қарағандының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында жауатын жаңбыр нормасы сақталады.