Жауыздық жасаған жан ұсталды

Жауыздық жасаған жан ұсталды
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының полиция бөліміне Алматы-Бішкек тас жолында Volvo жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында жол жиегінде тұрған ер адамды әйел артынан итеріп жібергені анықталды. Нәтижесінде, ауыр жүк көлік ер адамды таптап өте шыққан», - делінген полиция хабарламасында.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің басшысы. Бауыржан Әленов.