Биыл 12 мыңнан астам үй сумен қамтамасыз етілді

Биыл 12 мыңнан астам үй сумен қамтамасыз етілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының жаңа аудандарында 2023 жылы 12 мыңнан астам үй орталықтан сумен жабдықтауға қосылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қарасу, Ақжар, Алғабас, Шұғыла, Жас Қанат, Шуақты шағын аудандары, Сейфуллин даңғылының аумағы,Солүстік айналым, Рысқұлов, Боралдай көшелеріндегі 12 мыңнан астам үй сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген және ағымдағы жылы кәріз желілеріне қосылған. Бұған дейін бұл аудандарда сумен жабдықтау, сондай-ақ су бұру желілері де болмаған. Бұған дейін Қарасу, Ақжар, Алғабас, Шұғыла шағын аудандарын жеке компаниялар сумен қамтамасыз еткен.

Алматыда 2022-2023 жылдар ішінде үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 143 шақырым су құбыры және 139 шақырым су бұру желілері салынды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы 55,8 %-ды, кәріз желілерінің тозуы 57.5%-ды құрайды. Жаңа желілерді  тарту  арқасында тозған желілер саны азаюда.