Жастар қарттарға орын бермейді...

Жастар қарттарға орын бермейді...
Almaty-akshamy.kz

Биыл Алматы автобустарында қарттарға орын беруге шақыратын дыбыстық хабарландыру іске қосылады

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

Тұрғынның сұрағы:

Мен қала маңына автобуспен жиі қатынаймын, жастар қарт адамдарға, жүкті әйелдерге орын бермейтін жағдайды үнемі бақылап отырамын. Осы ретте орын беру жөнінде дыбыстық ескертуді жасауға бола ма?

Әкім Ерболат Досаевтың жауабы:

Осы бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізілуде және ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық көлікте аялдамалардың атауымен және қарттарға, жүкті әйелдерге, балалары бар жолаушыларға орын беруге, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсетуге шақыратын дыбыстық хабарлау жүйесін енгізу жоспарлануда.