Қазақстандық спортшы жүзуден әлем чемпионатында рекорд орнатып, жартылай финалға өтті

Қазақстандық спортшы жүзуден әлем чемпионатында рекорд орнатып, жартылай финалға өтті
Сурет: Baq.kz

Қазақстандық Әділбек Мусин Мельбурн қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтықты 50,64 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. 

Іріктеу кезеңінде ол бесінші рет жүзуде мәреге бірінші болып жетті. 

Нәтижесінде, 1/2 финалға жолдама алған 16 мықтының қатарына кіре алды.