Елімізде бес су қойма салынады

Елімізде бес су қойма салынады
Сурет: интернеттен

Жалпы 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарланған.

Биыл Қазақстанның әр өңірінде бес су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, сегіз нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Жалпы 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарланып отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуға тиіс.

Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтуы керек.

"Құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жүргізіледі. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайту үшін іске асырылады", деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.