Биыл Қазақстандағы 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады

Биыл Қазақстандағы 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Сурет: Gazeta.uz

Арнайы жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстандық мамандар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолға арнайы жол белгілерін орнатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

««Қазақавтожол» ЖШС ЖШС мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру жоспары барысында 30 мың шақырымнан астам жолға арнайы жол белгілерін орнатады»,- делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінде 9 781 жол белгілері мен 397 дана ақпараттық панно және 23 118 белгі бағанасы мен 26 766 дана катафоттарды  орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ жоспар шеңберінде 2 733 шаршы метр шулы жолақтар мен 27 064 метр қоршау (кривбрус)  орнату жұмыстары да іске асырылуда.

«Барлық жол элементтерін орнату жол-көлік оқиғасын болдырмау және қарсы бағытпен соқтығысудың алдын алу мақсатында қолға алынуда», - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.