Теннисші Дмитрий Попко Испаниядағы жарыста чемпион атанды

Теннисші Дмитрий Попко Испаниядағы жарыста чемпион атанды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Малага (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге жүлде қоры 45 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалында Израиль өкілі Даниэль Чукерман - эквадорлық Эмилио Гомеспен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-түркиялық жұп үш сетке созылған матчта 6:7 (4:7), 6:4, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл - Дмитрий Попконың жұптық сында челленджер жарыстарындағы алғашқы титулы.