«Жас қаламмен» радиодан жарқ еткен Қорабай Есеновтың туғанына - 75 жыл

«Жас қаламмен» радиодан жарқ еткен Қорабай Есеновтың туғанына - 75 жыл
Сурет: Н.Шамаева

Кездессем ұрлана караймын
Асаудай тулайды жас жүрек
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек, - деп басталатын бұл ән көпшіліктің көңілінен ойып тұрып орын алған әндердің авторы. 

Ән авторы Қорабай Есенов бүгін мерейлі 75 жасқа толып отыр. Кезінде осы әнімен бір-ақ күнде қазақтың үнжариясы - Қазақ радиосы арқылы қалың жұртқа аты әлім болған өнер иесінің туған күні туған елінде аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыдан бірер жыл бұрын ғана Қора­байдың концерті Қарағандыда тұң­ғыш рет өтіпті.

Лирика королі, ретро рыцары, ән серісі Қорекең! Иә, атақты Қорабай Есеновті айтамыз, қалың қазақты жеті шекті гитарасының жазира әуенімен құшақ­таған қайталан­бас талант, қара­пайым өнер өкілі, патшадай паң, құлдай қарапайым қазақ әуені. «Қорабай қазақ өнеріндегі зор құбылыс. Ұлт сахнасында гитарасымен қоса сан тармақты жаңа әуез,жаңа сарын ашқан дегдар буын. Заманға сай туған ерекше дара тұлға» депті белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов ағамыз.

Өкінішке қарай, Қорабай ағамыз жайлы қоғамда көп айтыла бермейді. Бұл ретте дара дауыс иесіне Қазақ­станның халық әртісі Қайрат Байбо­сынов «Біз Қорекеңнің әні арқылы өнер­ге, өмірге ғашық болдық» деген баға беріп, бір-бірін осылай қошеметтеген екен.  Бұл ретте телеарналардың төрі, концерт залда­рының сәнді сахнасы Қорабай әндеріне жол ашу жағын көбірек қолға алған жөн сияқты.

Қорекеңнің «Жас қалам» деп жарқ ете қалғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өте шығыпты. Қорабай жайлы көркем фильм түсірсе де артық емес. Жап-жас жігіттің «Қазақ» радиосынан шырқаған жалғыз әні бір-ақ күнде автор­ды танымал еткен.