Жалған репрессия құрбаны болғандар туралы құжаттар ашылуда

Жалған репрессия құрбаны болғандар туралы құжаттар ашылуда
Сурет: Vn-uk.ru

Тарих сөйлейді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты құпия құжаттар ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Басты мақсат - ақтаңдақ жылдардың ақиқатын ашу. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тың деректерді жинау қазақстандық ғалымдар тарапынан қарқынды жүргізіле бастады.

Олар Мәдениет және спорт министрлігінің жабық қорларындағы, сондай-ақ прокуратураның, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволық мұрағаттарында сақталатын материалдарды зерделеуде.

Ақпарат іздеумен ел өңірлерінде арнайы құрылған 10 жұмыс тобы айналысады. Жиналған зерттеу материалы бірнеше жинаққа біріктірілмек. Олардың бірі жыл соңында шығарылады.

«Біз жоспарларымызда, әдістемелік нұсқауларымызда өңірлік комиссияларға аудандарға баруды, экспедицияларды, жерлеу орындарын нақтылау үшін волонтерлік топтарды жіберуді, өлкетанушыларды, белсенділерді қосуды ұсынамыз. Адамдар білуі үшін ескерткіштер, белгілер қойылады», - деді Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссия жобалық кеңсесінің жетекшісі Сабыр Қасымов.