Жалған келісімшарт жасап, жұртты алдап келген жиһаз жасаушы анықталды

Жалған келісімшарт жасап, жұртты алдап келген жиһаз жасаушы анықталды
Сурет: Polisia.kz

Жиһаз жасаушы ұста алматылықтарды бірнеше миллион теңгеге алдап кетті


Алатау аудандық полиция басқармасы 29 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ер адам Instagram әлеуметтік желісінде жиһаз өндірісіндегі басқа адамдардың суреттерін алып парақша ашқан. Сонымен қатар, күдікті бұл жұмыстарды өзінікі ретінде ұсынып, жиһазды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағаға жасап беруді ұсынған. Ол клиенттердің қоңырауы бойынша өлшеуге барады, жүз пайыз алдын ала төлемді ала отырып, жалған келісімшарт жасаған. Жедел іс-шаралар қолданылып, күдікті қамауға алынды. Істі қарау барысында Д.есімді азамат кем дегенде 14 эпизод жасағаны үшін ұсталды. Зардап шеккендердің тізімі бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полицейлер мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 227-55-02; 8-708-380-54-00; 8-708-374-74-25.