Жалған хабар таратқан 115 адам жазаға тартылды

Жалған хабар таратқан 115 адам жазаға тартылды
Сурет: 24.kz

Соңғы үш жылда «бомба қойылды»деп жалған хабарлама қалдырған 115 адам жазаға тартылды.

Олардың 15-і кәмелеттік жасқа толмаған. Салдарынан 6,3 млрд теңге зиян келтірілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қылмыскерлердің 55 пайызы хабарламаны, мас күйінде жібергенін мойындаған. Ал балалардың көбісі ойнап жүріп қоңырау шалған. Дегенмен, бұл жазаны жеңіл-детпейтіні сөзсіз. Қылмыскерге 17 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Биыл 85 іс қозғалып, 9 адам сотталды.