Жәрдемақы мөлшері де жоғарылайды

Жәрдемақы мөлшері де жоғарылайды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгіннен бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғаяды.

Бұған дейін 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 131 100 теңге болса, енді 140 296 теңге болады. Ал 4 және одан көп бала туғанда берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өспек, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жалпы бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға келсек, 4 баласы бар отбасылар енді 55 304 теңге емес, 59 183 теңге алатын болады. 10 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге өседі.

Ал бүгіннен бастап, мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы да біршама көтеріледі. Атап айтқанда:

I топ – 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге;
II топ – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге;
III топ – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін көтеріледі.

Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ға ұлғайтылады.