Заңсыз берілген техникалық шарттар – әкімдік мәселені қалай шешеді

Заңсыз берілген техникалық шарттар – әкімдік мәселені қалай шешеді
Сурет: Kaz.365info.kz

Алматы  әкімі Медеу ауданы тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде ауданның жергілікті тұрғындары қала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тұрғындардың бірі: 

«Каменское плато  су бойынша ТЖ аймағы деп жарияланған. Бірақ құрылыс жүргізушілер соған қарамастан тік беткейлерде кәріз қазып, бұл заңсыз, шын мәнінде тек септикке рұқсат бар. Сізден салынып жатқан барлық нысандарды тексеріп, комиссия құруыңызды сұраймын – олардың суға қалай қосылғанын және кәрізге соғылғанын анықтаңыз», - деген өтініш жасады.

Оған Алматы әкімі Ерболат Досаев:

«Бұл мәселе бойынша жұмыс комиссия келгенге дейін жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Өздеріңіз білесіздер, мен келген сәттен бастап ешқандай рұқсат берген жоқпын, өйткені мен бүкіл Каменское платоны  сумен қамтамасыз ету мәселелерін білемін. Өкінішке орай, бізде сатылған пәтерлер бар, олар алдын-ала төленген. Рұқсаттарды "Алматы судың" аудандық басқармалары берген. Біз рұқсатты кім бергенін, адамдарды қалай  ақша алғандарын білеміз. Ең бастысы, біз барлық мәселелерді  зерделедік. Қажет болса, аудан әкімі "Алматы сумен" бірлесіп, нысандар бойынша  кімнің қай уақытта алғанын көрсетеді. Антикор қалада берілген техникалық шарттар бойынша тексеру жүргізді. Жұма күні материалдарды бізге жібереді деп үміттенеміз. Олар бойынша "Алматы Су" тағы пысықтайды. Егер сіз өз деректеріңізді қалдырсаңыз, аудан әкімі шілде айының ортасына дейін барлық мүдделі адамдармен кездесу өткізеді», - деп жауап берді.