Ұстадым-ау, сені...

Ұстадым-ау, сені...
Polisia.kz

Қызылордада көлік ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қызылорда қаласында автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген ұры құрықталды. Ол кезекті ұрлық үстінде ұсталды. 5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты.

19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген. Бұдан бөлек, ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған.

Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді.

Бүгінгі күні бұл күдіктінің қала аумағында тіркелген осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.