Ұшатын көлік сынақтан өтті

Ұшатын көлік сынақтан өтті
Сурет: Alef Aeronautics

Alef Aeronautics компаниясы жаңадан құрастырылған электромобиль 160 шақырымнан астам қашықтыққа ұшатынын мәдімдеді. Бірақ әзірге сынақ кезеңінен өтіп жатқан көлік жерден қатты алыстай қойған жоқ, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Еuronews арнасына сілтеме жасап.

Технологиялық жаңалықтар адамзатты ғарышқа ұшырып, интернет пен жасанды интеллект жетістіктеріне де жеткізді, алайды көліктің ұшуы адам нанғысыз фантастикадай көрінеді.

Дегенмен, америкалық Alef Aeronautics компаниясы келесі жылы адамзат көліктің де көкке көтерілгенінің куәсі болатынын мәлім етті.

Детройт автосалонында калифорниялық компания A үлгісіндегі ұшатын көліктің прототипін таныстырды. АҚШ федералды авиация әкімшілігі жазық жерде жүруге және ұшуға қабілетті алғашқы электромобильді сынап көруге рұқсат берді.

Әзірге компания көпшілікке арналған эксперименттік рейстерді немесе көліктің ұшу кезіндегі бейнежазбаларын жариялаған жоқ.

Көлік екі пропеллермен жабдықталған, бұл оның тік ұшып көтерілуіне және қонуына мүмкіндік береді.

Компания өкілдерінің айтуынша, электромобильдің жердегі жүру қашықтығы 320 шақырымға жуық, ал ұшу қашықтығы 160 шақырымнан асады