Ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Сурет: ашық дерекөз

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады.

Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды.

Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған факті бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Комитеттен нақтылағандай, әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлаған