Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес

Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес
Сурет: ашық дереккөз

Қазақтың рухани астанасы саналатын Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселе төңірегінде өз ойын білу мақсатымен Almaty-akshamy.kz тілшісі ҚР Еңбек сіңірген қайтаркері. Құрылтай мүшесі, жазушы Сәуле Досжанға хабарласып, өз ойын білген еді. 

Президент  жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың  мүшесі ретінде Түркістанда өткен  екінші отырысқа  қатыстым. 

Мемлекет Басшысының айтқанындай «Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған».

Алқалы жиынның алғашқы күнінде қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, өңірлік қоғамдық кеңестер мүшелері, сарапшылар  үш секцияға бөлінген жұмыс тобында өзіндік ұсыныстарын айтып,  қоғамдағы  өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсынды.

Құрылтайдың екінші күнінде ҚР Президенті Қ.К Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» деген тақырыпты баяндама жасады. Біздің құрып жатқан мемлекетіміздің әлемдегі орны мен «Қазақстан азаматы» деген көк төлқұжаты бар адамның сапасы қандай болуы керек, қазақ деген ұлттың арманы қандай? Ел болу үшін пиғылымызды қалай өзгеруіміз керек  деген мәселелерге  өз ойын айтып, пікірін ашық білдірді.

«Біз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет» атты үшінші бөлімде. Президентің айтуынша, елімізді жаңғырту үшін «жұмсақ күштің» мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жөн. Төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлігімізді айшықтайтын басты ұстынға айналмақ»,- деді.

Сыртқы істер министрлігі жанындағы «КazAID» халықаралық даму агенттігі осы жұмысқа ұйытқы болуды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет Басшысы Қожахмет Яссауи кесенесінің маңызына тоқталып: «Мысалы, өзіміз іргесінде отырған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бай тарихымыздың символы саналады. Оның ұлт руханиятындағы орны ерекше екенін білесіздер»,- деп назар аудартып, осы кесенеге ұлттық мәдени-тарихи ескерткіш мәртебесін беру туралы ұсынысты қолдайтынын білдірді.

Өзге елдер қазақтарды көшпенділердің ұрпағы ретінде біледі. Бұл да – халқымыздың басты брендінің бірі. Келесі жылы президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруыммен Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл қадам ұлттық спортты дамыта түсуге зор мүмкіндік береді деп болжап отыр.

Жыл сайын ұйымдастырылатын фестиваль, олимпиада, сайыс, байқау т.б. шаралардың барлығы, түптеп келгенде, қоғам мүшелерінің бетін бері қарату үшін «жұмсақ күштің» қызметін атқарып отыр.

Халықаралық қатынас  ғылымына «жұмсақ күш қолдану» саясаты деген терминді ең алғаш 1990 жылы американдық саясаттанушы, Гарвард университетінің профессоры Дж. Най енгізген. Оның түсіндіруінше мұнда  бір ел екінші елге әскери-техникалық  күш-қару қолдану емес, керісінше бейбіт сипаттағы экономика, сауда-саттық, мәдениет пен өнер, идеология, гуманитарлық көмектер  арқылы ықпал етіп, өзіне қаратып алады), деп өз ойын білдірді жазушы Сәуле Досжан.