«Ұлттық қор-балаларға» жобасына ата-аналарға ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ

«Ұлттық қор-балаларға» жобасына ата-аналарға ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ
Сурет: Kanal-o.ru

Елорда тұрғындарына «Ұлттық қор-балаларға» жобасына қатысу талаптары түсіндіріліп жатыр.

Аталған жобаға қатысу үшін ата-аналар қандай құжат жинауы керек деген сұраққа Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жауап берді және ата-аналарға ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Барлық бала қатысады. Ешқайда барудың қажеті жоқ, тұтас процесс автоматтандырылған. Бірыңғай жинақтаушы қор Әділет министрлігімен бірлесіп, тиісті интеграциялық жұмыс жүргізеді. 18 жасқа дейін қаражат Ұлттық қорда сақталады. 18 жасқа толғаннан кейін ғана бұл сома шоттарға аударылады. Содан кейін бұл қаражатты бірнеше мақсатта пайдалануға болады», - деді Дәурен Темірбеков брифингте.

Сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов қаражатты төлеу доллармен жүргізілетінін айтты. Базада баланың деректері бар, сондықтан БЖЗҚ деректердің сәйкестігін жүргізеді және соманы есептейді.