Ұлт киімі ұлықталған күн, Тарихы терең Наурыз, Соқыр келешек

Ұлт киімі ұлықталған күн, Тарихы терең Наурыз, Соқыр келешек
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені

Ұлт киімі ұлықталған күн

14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналып жарияланған Наурызнама онкүндігінің  бесінші күні ұлттық киімді ұлықтады. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.

Соқыр келешек

DailyMail басылымында жарияланған мақалада балалардың смартфондарды шамадан тыс пайдалануының соңы олардың көздерінің көрмей қалуына әкелуі мүмкін екендігі айтылған. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы 50 жылда Ұлыбританияда балалар арасында алыстан көрмеушілік екі есе жиі анықталатын болған. 15-тен 16-ға дейінгі жас аралығында көз ауруларының диагнозы әрбір төртінші балаға қойылған. Алыстан көрмеу балалар мен жасөспірімдерде күндізгі жарық кезінде олардың алыстағы заттарға өте аз қарауынан пайда болады. Есесіне, балалар ол кезде көздерін телефоннан алмайды.

Қолыңда қамшың ойнасын!

Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті. Оның ішінде балаларға арналған «Білге» қамшысы бар. Қамшыда қазақтың ән күйлері, жаңылтпаш, мақал-мәтелдері топтастырылған. Smart қамшыға елімізге белгілі өнер адамдарының әндері де енгізілген.

Әйелдерді көп деуші ек...

Ғалымдар алдағы 10 жылда күллі әлем бойынша дүниеге келетін қыздар қарасы 4,7 млн-ға азаятынын алға тартып отыр. Статистикалық деректерге негізделіп әзірленген сценарийлердің біріне сәйкес 2030 жылға қарай бұл елдерде 4,7 миллион қыз кем дүниеге келеді. Екінші сценарий бойынша осы күнгі қалыптасқан тенденциялар сақталса, бұл көрсеткіш 2100 жылға қарай әлем бойынша 22 миллионнан асуы мүмкін.

Айыппұл арқалататын насыбай

ІІМ шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату мен тарату үшін жауапкершілік барын еске салды.

«Қазіргі уақытта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде шегілмейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбайды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу көзделген. Шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 25 АЕК немесе 92 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл көзделген», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Тарихы терең Наурыз

«Мерекені 14 Наурыз күні тойлау дәстүрі григориан күнтізбесіне көшумен байланысты. Бұрынырақта біздің халқымыз жаңа жылды көктемнің бірінші күнінде, яғни 1 наурызда мерекелейтін. Бірақ бұл күн мен түннің теңелуі емес. Онда неліктен көктемнің бірінші күні тойланды? Наурызды тойлайтын халықтардың дүниетанымы мен философиясында жыл басы баланың дүниеге келуін бейнелеген. Сонымен, үш айда бала жігіт болады, келесі үшінші маусымда бұл орта жастағы ер адам, ал күзде кемелденген ақсақал болады. Қыста ол әбден қартайып, өмірден өтіп, көктемнің бірінші күнінде бала болып қайта дүниеге келеді. Осылайша, ежелгі қазақтар көктемнің алғашқы күнінде бір - бірін жаңа жылдың келуімен құттықтаған», - деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тәттігүл Қартаева.

Оразамен ойнама!

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың ораза ұстауына қатысты ойын білдірді.

«Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана балаларының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек», - деді министр.