Еуропада сутекті құбыр желісі салынбақ

Еуропада сутекті құбыр желісі салынбақ
Сурет: Ашық дереккөз

Құбырдың құрылысы шамамен 2,5 миллиард еуроны құрайды

Аликантада өтіп жатқан Еуропа-Жерорта теңізі саммитінде суасты сутекті құбыр желісінің құрылысына қатысты мәселе көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Форумда Испания, Франция және Португалия басшылары Еурокомиссия қолдап отырған H2Med жобасының соңғы сұрақтарын талқылады, дем мәлімдеді Euronews.

Испания Премьер-Министрі Педро Санчес жоспар туралы айтып берді:
«Онжылдықтың соңында іске қосылатын H2MED Еурокомиссия басшысы атап өткендей, Еуропаның сутекке деген сұранысының 10%-ын қамтамасыз етеді. Су құбырымен жылына 2 млн тонна сутек жеткізіледі».

Қазанда Испания, Франция және Португалия Пиреней арқылы өтетін Мidcat газ құбыры жобасын жаңа энергетикалық дәлізге ауыстыру туралы келісімге келді. Бұл сутекті Испаниядан Францияға тасымалдауға мүмкіндік береді.

Құбырдың құрылысы шамамен 2,5 миллиард еуроны құрайды.