Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу іс-шарасы жүріп жатыр

Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу іс-шарасы жүріп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Алматыда «Қару» іс-шара өтуде

Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция департаменті басшысының айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар мегаполисте қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер етеді.

«Алматы полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды. “Қару” жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қарудың максималды санын заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, полиция іс-шара аясында азаматтық қарудың жеке иелерін қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесінің бар-жоғы мен қолданылуына тексерілетінін айтты.

«Алматы полициясы қаруды қабылдау науқанын өткізіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға, оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырған адамдар, егер олардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.