Алматыда қазақтың қамшысы жаңғырды

Алматыда қазақтың қамшысы жаңғырды
Сурет: 24.kz

Алматыда заманауи қамшылардың тұсаукесері өтті.

Оның ішінде балаларға арналған «Білге» қамшысы бар. Қамшыда қазақтың ән күйлері, жаңылтпаш, мақал-мәтелдері топтастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бала қамшымен ойнап әрі түркі жұртына ортақ құралдың тарихын біліп өседі, - дейді ұйымдастырушылар.

Smart қамшыларға елімізге белгілі өнер адамдарының әндері де енгізілген. Шара аясында Болат Бопайұлының «Адамзат рухы-қамшы» атты кітабы көпшілікке таныстырылды. Туындыда жетпістен аса қамшының атауы мен қолдану әдебі туралы мәліметтер берілген.

«Артымыздан еріп, өсіп-өніп жатқан ұрпақтарымызға ұлттық рухын ояту, ұлттық идеология қалыптастыру, енді абстракт ұғымда қалыптаспайды ғой, нақты затты брендке айналдырып, қамшының қасиетін ұрпаққа таныту үшін осы кітап жасалды», - дейді жазушы-этнограф Болат Бопайұлы.