Смартфоннан балалардың соқыр болып қалу қаупі жоғары

Смартфоннан балалардың соқыр болып қалу қаупі жоғары
Сурет: Zarya-egorlik.ru

Дәрігерлер осылай дабыл қағуда.

DailyMail басылымында жарияланған мақалада балалардың смарфондарды шамадан артық пайдалануының соңы олардың көздерінің көрмей қалуына әкелуі мүмкін екендігі айтылған. Бұл туралы британдық офтальмолог мамандар мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы 50 жылда Ұлыбританияда балалар арасында алыстан көрмеушілік екі есе жиі анықталатын болған. 15-тен 16-ға дейінгі жас аралығында көз ауруларының диагнозы әрбір төртінші балаға қойылған.

Алыстан көрмеу балалар мен жасөспірімдерде күндізгі жарық кезінде олардың алыстағы заттарға өте аз қарауынан пайда болады. Есесіне, балалар ол кезде көздерін телефоннан алмайды.

«Алыстан көрмеу - бұл жай ғана көзілдірік кию қажеттілігі емес, оның салдары тіпті адамның соқыр болып қалуына әкелуі мүмкін.  Бұл жай ғана айтылып, қоя салатын мәселе емес, бұл - үлкен қауіп», — деп дәрігер Джон Болгердің келтірген басылым.

Дәрігер көрудің нашарлауын пандемиямен теңестіруге болатынын айтты.