Он жылдан соң әйелдер саны азаяды

Он жылдан соң әйелдер саны азаяды
Сурет: Islam.kz

Ғалымдар алдағы 10 жылда күллі әлем бойынша дүниеге келетін қыздар қарасы 4,7 млн-ға азаятынын алға тартып отыр.

Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс ұл балаға артықшылық берумен байланысты, дәлірегі, ұл баланы артық көретін жаңсақ көзқараспен байланысты.

Бұл бағытта халықаралық деңгейде жасақталған ғалымдар тобы соңғы 50 жылда туған 3 млрд баланың деректерін сараптамадан өткізген екен. Атап айтқанда, зерттеушілер 1970 жылдан бері ерлер мен әйелдердің арақатынасы ұлғайған 12 елдің, сондай-ақ, әлеуметтік немесе мәдени тенденциялар арқылы арақатынасы артуы мүмкін 17 елдің туу көрсеткіштерін талдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Islam.kz-ке сілтеме жасап. 

Статистикалық деректерге негізделіп әзірленген сценарийлердің біріне сәйкес 2030 жылға қарай бұл елдерде 4,7 миллион қыз кем дүниеге келеді. Екінші сценарий бойынша осы күнгі қалыптасқан тенденциялар сақталса, бұл көрсеткіш 2100 жылға қарай әлем бойынша 22 миллионнан асуы мүмкін. Зерттеу авторлары ерлер саны артқан сайын қоғамда зорлық-зомбылық секілді жат әдеттердің көбеюіне әкелуі мүмкін екенін ескертті. Соның ішінде соңғы 40 жылда Еуропаның оңтүстік-шығыс  елдерінде, сондай-ақ, Азияның оңтүстігі мен шығысындағы елдерде бей-берекет жыныстық қатынасқа байланысты түсік жасатқандар қарасы күрт артып келеді.