Наурыз мерекесінің тарихы

Наурыз мерекесінің тарихы
Суретті түсірген - С.Құсайынов

Алматылықтарға Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрлері жайлы айтылды

Ежелгі заманнан  Наурыз - өркендеу мен жаңару сияқты құндылықтар көрінісі. Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында этнограф, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тәттігүл Қартаева айтып берді., деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Наурыз - әлемнің көптеген елдерінде күн мен түннің теңелер шағында кеңінен атап өтілетін көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі.

ӨКҚ спикері мерекенің шығу тарихы ежелгі дәуірден бастау алғанын атап өтті. Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында оны түркі халықтары қабылдап алған. Наурыз мерекесімен байланысты көптеген дәстүрлер мен рәсімдер бар, егер олардың кейбіреулері уақыт өте келе жоғалса, кейбіреулері бүгінгі күнге дейін сақталды.  Мәселен, бүгінгі таңда Наурыз мерекесін тойлау еліміздің батыс өңірлерінде сақталған «Көрісу» рәсімінен басталады.

«Мерекені 14 Наурыз күні тойлау дәстүрі григориан күнтізбесіне көшумен байланысты. Бұрынырақта біздің халқымыз жаңа жылды көктемнің бірінші күнінде, яғни 1 наурызда мерекелейтін. Бірақ бұл күн мен түннің теңелуі емес. Онда неліктен көктемнің бірінші күні тойланды? Наурызды тойлайтын халықтардың дүниетанымы мен философиясында жыл басы баланың дүниеге келуін бейнелеген. Сонымен, үш айда бала жігіт болады, келесі үшінші маусымда бұл орта жастағы ер адам, ал күзде кемелденген ақсақал болады. Қыста ол әбден қартайып, өмірден өтіп, көктемнің бірінші күнінде бала болып қайта дүниеге келеді. Осылайша, ежелгі қазақтар көктемнің алғашқы күнінде бір - бірін жаңа жылдың келуімен құттықтаған», - деді Т.Қартаева.

Еліміздің әр өңірінде Наурыз мерекесіне байланысты өз дәстүрлері бар. Мысалы, еліміздің шығысында мерекеге орай қысқа дайындаған соғымнан бас сақтайды. Осылайша шығыс қазақтары мерекеде шекеге деп бір-бірін қонаққа шақырады.

Мереке күні мол дастархан жайылады. Наурызды барынша кең жайылған дастарханда қарсы алу үйге молшылық пен табыс әкеледі деп саналады. 

Ежелгі дәстүрге сәйкес, Наурыз мейрамының басты тағамы – наурыз көже. Ол - өмірдің 7 элементін бейнелейтіндіктен, тағамның құрамында  7 түрлі дәм болады. Бұл су, ет, тұз, май, ұн, жарма (күріш, жүгері немесе бидай) және сүт. Халық нанымында олар қуанышты, сәттілікті, даналықты, денсаулықты, әл-ауқатты, жылдамдықты, өсуді және Құдайдың қорғанысын бейнелейді.

«Мерекелік дастарханға майға қуарылған  шелпек те қойылады. Бұл тағам діни рәсімдерге байланысты ұсынылатын тағамдарға көбірек қатысты. Ал көктемгі мерекенің басты тағамы - наурыз көже. Ежелгі қазақтар бұл тағамды дәстүрлі, көшпелі өмір салтына бейімдеді, осыған байланысты оған ысталған ет пен ашытылған сүт өнімдері қосылады», - деді ол.

Сондай-ақ, этнограф наурыз көженің аймақтық ерекшеліктері бар екенін атап өтті. Мәселен, оңтүстік-шығыс және шығыс қазақтары дәстүрлі тағамды «көп көже» деп атайды, бұл атаудың себебі оның құрамында көптеген өнімдердің болуында.

Наурыз мейрамында адамдар туыстарына, достарына баруға тырысады, оларды қонаққа шақырады.
 
Алматыда ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтеді.

Қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары қолөнершілер мен қолданбалы өнердің тақырыптық көрмелеріне, ұлттық тағамдар фестивальдеріне, спектакльдер мен концерттерге, шығармашылық шеберлік сағаттары мен поэтикалық кештерге, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатыса алады.