Шағын және орта бизнеске лайықты жағдай жасалады

Шағын және орта бизнеске лайықты жағдай жасалады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы қалалық сайлауалды штабы қатарындағы «AMANAT»-тан депутаттыққа кандидаттар «Рахат» кондитерлік өнімдер фабрикасында кәсіпкерлік, өндіріс пен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Ұжыммен кездесуге штаб мүшелері Мейіржан Отыншиев, Әсия Ақанова, Елена Тё, Болат Садықов, Ғалымжан Тоғызбаев және Мақсат Қалимолдаев келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Елена Тё «AMANAT» партиясының Алматы қаласы бойынша алдағы бес жылға арналған бағдарламасы әлеуметтік  зерттеулер мен фокус-топтар, сондай-ақ 2022 жылғы Республикалық референдум мен ҚР Президентінің сайлауы, халықпен кездесулер барысында жиналған алматылықтардың талап-тілегі мен ұсыныстары негізінде әзірленгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Алматы қаласын дамытудың бағдарламалық құжаты да назарға алыныпты. 

Депутаттыққа үміткерлер партия еңбек кірістерін, жұмыспен қамту тұрақтылығын және экономиканы жақсарту үшін Алматы экономикасының басым секторларында жоғары нәтижелі жұмыс орындарын құруға қол жеткізуді көздейтінін мәлімдеді. 

Мәселен, депутаттыққа үміткер Ғалымжан Тоғызбаев мегаполистегі шағын өнеркәсіп парктерінің сатып алынған аумақтарын қарызды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін өнеркәсіптік ипотеканы енгізуді қолдайтынын жеткіздік. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында ШОБ үшін жыл сайын 40 млрд. теңгеден астам несие бөлу қарастырылған. Нәтижесінде Алматының ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 4,8%-дан 6,7%-ға дейін өседі деген болжам бар. 

Депутаттыққа үміткерлер ұлттық байлығымызды үнемді әрі тиімді пайдалануымыз керектігін, еліміздің әрбір азаматы оның игілігін көру керектігін баяндады. 

«Экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылады. Адал әрі өнімді еңбек еткен адам құрметке ие болады, лайықты қорғалады және жақсы жалақы алады. Сайлауалды бағдарламада айтылғандай, мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға бар күш-жігерін салатын болады. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез-келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады», – деп сендірді үгіт-насихат тобы.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді