Стамбулдағы жарылыс кезінде тротил бомбасы қолданылған

Стамбулдағы жарылыс кезінде тротил бомбасы қолданылған
Сурет: Ашық дереккөз

Арада 10 сағат өткен соң шабуылға күдікті ұсталды

Полиция Стамбулдағы Истиклал даңғылында тротил бомбасы жарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Шабуыл кезінде жарылғыш зат ретінде күшті жарылғыш заттардың бірі – тротил пайдаланылған, – деп хабарлады криминалистер.

13 қараша күні кешке Стамбулдың орталығында жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 81 адам зардап шекті, 6 адам қайтыс болды.

Арада 10 сағат өткен соң шабуылға күдікті ұсталды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 14 қарашада өткен брифингте Стамбулдағы терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

trthaber агенттігінің жазуынша, жарылысқа 21 адам қатысуы мүмкін деген күдік бар.