ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың гранталушылары анықталды

ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың гранталушылары анықталды
Сурет: Kokshetoday.kz

Үкіметтік емес ұйымдардан 358 өтінім келіп түскен.

Қазақстандағы 155 үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік грант алу мақсатында өз өтінімдерін берді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Ағымдағы жылы 10 қаңтар мен 7 ақпан аралығында гранттар бойынша  өтінімдер қабылдау жүзеге асырылды. ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға 358 өтінім келіп түсті, оның ішінде 155 ҮЕҰ-дан 281 өтінім тәуелсіз сараптама комиссиясының қарауына жіберілді», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өз кезегінде, гранттық қаржыландыру саласындағы оператор («Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы орталығы» КЕАҚ) 2021 жылы қызметінің тиімділігі мен сарапшылардың сапалық құрамын арттыру мақсатында Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен академиялық қызметкерлер қатарынан гранттар беру қағидаларының жаңа талаптарын ескере отырып, сарапшылар тізілімін қалыптастырды. Сарапшылар тізілімінің құрамындағы сарапшылар саны 15-тен 62 адамға дейін артты. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген сарапшылардың үлесі 90% асты.

Сараптама комиссиясында тұрған барлық сарапшылардың біліктілігі гранттық қаржыландыру саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді.

Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде ағымдағы жылдың 24 қаңтарында 15 бағыт бойынша сарапшылар тізілімінен кездейсоқ іріктеу әдісімен конкурстық комиссияның сарапшыларын іріктеу өткізілді. Сарапшыларды іріктеу оператордың әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді. Кездейсоқ іріктеу қорытындысы бойынша тізілімде тұрған 62 сарапшыдан негізгі құрамға 25 сарапшы іріктелді.