20 қаңтарда ауа райы қандай болады?

20 қаңтарда ауа райы қандай болады?
Сурет: Hab.aif.ru

Жауын-шашын болады деп болжанды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, бейсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік жауын-шашын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 0+2.

«Батыс және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Тек солтүстік-батыс, солтүстік облыстар антициклон сілкінісінің ықпалында болады, онымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарламада.