Волейболшы да «лақтыра» ма?

Волейболшы да «лақтыра» ма?
Сурет: News.myseldon.com

Зардап шеккендер полицияға арызданған.

Волейболшы Сәбина Алтынбекованың үстінен арыз түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік желіде Сәбина Алтынбекованың онлайн курсына ақша төлеп қатысып, спортшының түрін көрмеген бір топ адамның алданып қалғаны туралы ақпарат жарияланды.

Спортшының онлайн курсы адамдарға ұнамағаны айтылады, яғни ақысына татымайтын көрінеді.

Тәлімгерлік курсқа қатысу үшін әр адам Сәбина Алтынбековаға 290 мың теңге төлеген. Кейбіреулер, бөліп төлеу арқылы төлем жасаған.

Алматы қаласының полиция департаменті Түрксіб ауданының полиция басқармасына 2023 жылдың 6 қазанында аталған факт бойынша Р. деген азаматтан арыз түскенін хабарлады.

«ҚР ҚІЖК-нің 179-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттық қатынастардың болуын ескере отырып, азамат Р-ға талап қою арқылы азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды», - делінген Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.