Түркияның ұлттық валютасы құнсыздануда

Түркияның ұлттық валютасы құнсыздануда
Сурет: Аlanya24.ru

Лираның құнсыздануы байқалады

Түркиялықтар лираның құнсыздануына алаңдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өткен аптада оның долларға шаққандағы бағамы бұрын-соңды болмаған минималдық көрсеткішке дейін төмендеген. Жалпы ұлттық валюта пандемия басталғалы құнын жоғалта бастады. Бірақ өткен айда ахуал күрт нашарлап кетті.

Қазір Түркия бұл көрсеткіш бойынша дамушы елдер арасында ең нашар нәтиже көрсетіп отыр. Ресми мәлімет бойынша биылғы инфляция деңгейі 20 процент. Алайда тәуелсіз сарапшылар шындығында бұл көрсеткіштің 50% шамасында екенін айтады.

Қымбатшылық тұрғындардың да өміріне әсер етпей қоймады. Өткен айда жұмыссыздық деңгейі 13 процентке жетті. Ақпарат құралдары азық-түліктің 3 есе қымбаттағанын айтады.