Түркия әлемде алғашқы болып лазерлі қаруы бар дронды сынақтан өткізді

Түркия әлемде алғашқы болып лазерлі қаруы бар дронды сынақтан өткізді
Cурет: Anadolu

Дрон 300 метр биіктікте ұша алады       

Түркия лазерлі қарумен жабдықталған дронды алғашқы болып сынақтан өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Eren дроны 100, 300 және 500 метрден атқылауды сәтті жүргізді. Сынақты толық өткен соң бұл дрон Түркияның қарулы күштеріне табысталады.
Дрон TÜBİTAK және Asisguard компанияларымен қорғаныс саласында жасалып шықты. Ол жарылғыш заттарды қашықтықтан залалсыздандыра алады.  Дрон 300 метр биіктікке дейін ұша алады.

Бұған дейін Анкара Bayraktar-TB2 атқылау дронының 20 данасын Киевке сатқаны туралы хабарланған. Оның құрамында басқару стансиясы мен зымырандар бар.