Түрксіб ауданында қандай медициналық нысандар бой көтереді?

Түрксіб ауданында қандай медициналық нысандар бой көтереді?
Сурет: Almaty.tv

Алматы әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесті. 

Кездесуде аудан көлемінде салынып жатқан және алдағы уақытта бой көтеретін әлеуметтік нысандар жайлы сөз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қазіргі уақытта «Нұршашқан» шағын ауданында 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар 2023 жылдың қыркүйек айында аяқталады. Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында Айбасов көшесі, 28 мекенжайында 200 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды (құрылысты осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда).

«Қайрат» шағын ауданында 340 адам қабылдайтын емхана салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарын аяқтау осы жылдың қазан айына жоспарланған.

«РВ-90» шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін конкурс өткізілуде. ІV-ші тоқсанда «Әлмерек» шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланады.

Әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілердің «жақын орналасуын» қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.

Осы жылдың ІІІ-ші тоқсанында «Жас Қанат» шағын ауданында (жалпы ауданы 7,4 мың м2) өткізу қабілеті бір ауысымда 150 адамды (күніне 4 ауысым) құрайтын заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені (үшінші ұзарту) ашылады. Сондай-ақ осы жылдың сәуір айында Майлин көшесі, 42 А мекенжайында («Авиатор») дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды.