Алматыда келер жылы Баум тоғайы абаттандырылады

Алматыда келер жылы Баум тоғайы абаттандырылады
Сурет: ашық дереккөз

Ауданды абаттандыру аясында биылғы жылы Молдағалиев және Чехов көшелеріндегі жаяу серуендеу аймағы аяқталды.

Сондай-ақ №6 оқушылар үйінің жанындағы сквер реконструкциядан өтті. Бұл жобалар бұдан бұрын Сауранбаев көшесінің бойымен  жабдықталған серуендеу аймағының логикалық жалғасы болды. Бұл туралы Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы қаласының әкімі Е.Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Сонымен қатар, биыл қазан айының соңына дейін әуежай алаңын жөндеу жұмыстары аяқталып, фонтан, суару жүйесі орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылады.

 Экология және қоршаған орта басқармасы осы жылдың соңына дейін скандинавиялық жаяу жүріске арналған эко жолдары бар Баум тоғайын абаттандыру, шағын архитектуралық формаларды орнату бойынша; рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластыру,  жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңарта отырып, Үлкен Алматы каналын абаттандыру бойынша; сондай-ақ «Кіші Алматы» өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын абаттандыру бойынша (Майлин көшесінен қала шекарасына дейін) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін болады. Жобаларды іске асыру 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады, -деді Ерболат Досаев.