Түркиялық ғалым Жұбанов университетінде бір айлық дәріс өткізеді

Түркиялық ғалым Жұбанов университетінде бір айлық дәріс өткізеді
gov.kz

Жұбанов университетіне халықаралық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркиялық ғалым Даниял Исрафилзаде Магомедоглы келді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Балыкесир Университетінің профессоры физика-математика факультетінің магистранттарына бір ай бойы дәріс оқиды. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттарға ғылыми семинар өткізетін болады. «Комплексті жазықтық аймақтарындағы қатарлардың аппроксимациялық қасиеттері», «Нақты осьтегі және комплексті жазықтық аймақтарындағы функциялардың жуықтау теориясы», «Гармоникалық талдау» тағы да басқа бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесімен бөліседі.

Профессор Даниял Исрафилзаде Магомедоглы 1985 жылдан бастап Америкалық математикалық қоғам мүшесі. Әзірбайжан математика журналы, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, Әзірбайжан ҰҒА Математика және механика институты, Хазар математика журналы және қазіргі математика журналдарының редакторы қызметін атқарып келеді. Ғылыми жетекшілігімен 12 магистрант, 8 докторант қорғап шықты.