Алматыдан Ақтөбеге шыққан ұшақ қайта оралды

Алматыдан Ақтөбеге шыққан ұшақ қайта оралды
Сурет: Webinfo.kz

Бұл ұшақ бүгін ұша алмай қалған рейсті орындау үшін сағат 15:40-та Алматыдан Ақтөбеге аттанады.

Бүгін Алматыдан таңғы 05:30-да ұшып шыққан K 863 ұшағының қайта қонуына  командирдің шешімі  себеп болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын K 863 ұшағы бүгін Алматыдан 05:30-да ұшып шықты. Техникалық себептерге және бара жатқан әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты командир кері оралу туралы шешім шығарды», - делінген Air Astana әуе компаниясының ресми хабарламасында.