Түркияда жол апатына ұшыраған отбасы мүшелерінің мүрделері Қазақстанға жеткізіледі

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасы мүшелерінің мүрделері Қазақстанға жеткізіледі
Сурет: Inform.kz

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да көз жұмды.

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің өкілі растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Растаймыз. Ұлдарын туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Осы отбасының үш мүшесінің мүрделерін бүгін Қазақстанға жібереді», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.

Ал отбасының отбағасы жансақтау бөліміне түскен еді. 2014 жылы туған ұлдары да ауруханада болды. Оның денсаулығына аса қауіп төнбеді.