Композитор туралы кітап жарық көрді

Композитор туралы кітап жарық көрді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кітаптың тұсаукесеріне композитордың өнердегі, өмірдегі тілеулестері құттықтап келді.

Бүгін Ұлттық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом кітабының тұсаукесері өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі

Жаңа кітаптың тұсауын кесу құрметі Қалдыбек Құрманәлінің ағасы Кәрімбек Құрманәлі, Амалбек Тшанов, Мұрат Жұрынов, Мамай Ахетов, Зейнеп Ахметова, Аягүл Миразоваларға ұсынылды.

«Қазақтың ән өнерін өлтірмей жалғастырып келе жатқан композитордың бірі деп Қалдыбекті айтуға болады. Бір ғана Шәмшіні зерттеудегі еңбегінің өзі ауыз толтырып айтарлық. Оның әндері неге кең танылады, көпшіліктің көкейіне неге тез қонады дегенге келсек, бұл Қалдыбектің ұлттық қайнардан сусындап өскендігінен. Рухани мұратқа, аға буынның өнеріне деген адалдық оның әндерінің танымалдығының бірден бір себебі», деді қаламгер Қали Сәрсенбай.