Фируза Шәріпова ММА-дағы екінші жекпе-жегін өткізеді

Фируза Шәріпова ММА-дағы екінші жекпе-жегін өткізеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Бокстан әлем чемпионы болған Фируза Шәріпованың ММА-дағы екінші айқасы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы октагонға 18 қарашада Алматыда өтетін Octagon 37 турнирінде шығады.

Еске салайық, биылғы 29 шілдеді Шәріпова ММА-да дебют жасады. Ол бірінші раундта ресейлік Карина Ондасынованы буындыру әдісімен жеңді. Фирузаның кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне келсек, ол IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Ал өткен жылдың желтоқсанында «абсолютті» чемпион атағы үшін таласты, бірақ жеңіліп қалды.