Шорт-тректен Қазақстан құрамасы сақадай-сай тұр

Шорт-тректен Қазақстан  құрамасы сақадай-сай тұр
Сурет: Оlympic.kz

Спортшылар тас-түйін әзір

Ұлттық Олимпиада комитеті дерегінше, Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем кубогінің кезекті кезеңіне тас-түйін дайын. Ел құрамасы Венгрияның Дебрецен қаласында жарысқа қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлем кубогінің кезекті кезеңі 18-21 қараша күндері Дебреценде орналасқан Főnix Arena спорт кешенінде өтеді. 

Спортшылар 500, 1000, 1500 м (жекелей сайыс); 3000 м (әйелдер эстафетасы), 5000 м (ерлер эстафетасы мен аралас микс-командалық) қашықтықтар бойынша сынға түседі. 

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамуханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртилек Қажығали.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшманова.