Қазақстандық алты боксшы қыз Әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық алты боксшы қыз Әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Сурет: Inbusiness.kz

Чемпионат Стамбулда өтіп жатыр.

Стамбулда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алты өкілі ширек финалға өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

54 келіде шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан жарыстың 1/8 финалында канадалық Скарлетт Дельгадоны айқын басымдықпен жеңді.

Оның жартылай финалдағы қарсыласы сербияллық Елена Жекич болмақ.

Сондай-ақ, 52 келіде жұдырықтасқан Жайна Шекербекова кезекті кездесуінде жапониялық Ринки Киношитаны жеңіп, ширек финалистер қатарына қосылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының алты спортшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Олар:

Алуа Балқыбекова (48 кг)

Жайна Шекербекова (52 кг)

Дина Жоламан (54 кг)

Карина Ибрагимова (57 кг)

Валентина Хальзова (70 кг)

Гульсая Ержан (81 кг)