Туған анамды тапқым келеді

Туған анамды тапқым келеді
Сурет: әлеуметтік желіден

"Анашым құшақташы, деп айтар едім",- дейді ол

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Оған дүниеге келгенде Жәнібек деп азан шақырып атаған екен. Десекте, Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ елінен көмек сұрайды. 

Эдди Жан анасын таппайынша Испанияға оралмайтынын айтты.

 "Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан мен анамды тапқанша Испанияға оралмауды жөн көрдім. Құрметті қазақ елі маған сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз керек. Осы постты әлеуметтік желіде бөлісіңіз. Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тапқым келеді. ", - деп жазды ол.