Тото Кутуньо қайтыс болды

Тото Кутуньо қайтыс болды
Сурет: ашық дереккөз

Әнші ауруханада көз жұмды.

Атақты әнші, композитор Тото Кутуньо өмірден өтті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

ANSA агенттігінің мәліметінше, әнші ауыр науқасқа шалдыққан. Диагнозы анықталған соң халі күрт нашарлаған. Әншінің менеджері Данило Манкузоның айтуынша, Тото Кутуньо кеше сағат 16.00 шамасында Миландағы Сан-Раффаэле ауруханасында қайтыс болған.  

Ол биыл 7 шілдеде 80 жасқа толған еді.