Тікұшақпен тексеру жұмыстарын жүргізді

Тікұшақпен тексеру жұмыстарын жүргізді
gov.kz

Мореналық-мұздық кешендердің, мореналық көлдердің, қар көшкіні және көшкін қаупі бар аймақтардың жағдайын бақылау мақсатында, Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері «Қазселденқорғау» ММ мамандарымен бірлесе отырып, Қора, Шажа, Көктал, Көксу, Өсек, Тышқан, Қорғас, Ақсу, Бүйен, Басқан, Сарқан және Лепсі өзендері бассейндерінде аэровизуалды тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында, биік таулы аймақтарда өзен арналарының жағаларына өздігінен қар көшкінінің түскені анықталды, бірақ өзен арналарының бітелуі байқалмады. Өзен сулары еркін, кептеліссіз ағуда.

Өзен арналарының бойындағы беткейлерде көшкін құбылыстары анықталмады. Мореналық көлдер қысқы режимде. Қар жамылғысы теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте 50 см-ге дейін, 3000 метр және одан да көп биіктікте 100-ден 150 см-ге дейін жетеді.

Жалпы, Жетісу облысының таулы аймақтарында жағдай тұрақты, алайда ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталуда.