Алматыда сайлау күні 60 бала дүниеге келді

Алматыда сайлау күні 60 бала дүниеге келді
Сурет: Inform.kz

Алматыда сайлау күні, яғни 20 қарашада, 60 бала дүниеге келген.

Жалпы, елімізде сайлау күні 634 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 6 егіз бар. Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«19 қараша түнгі 00.00-ден 20 қараша 00.00-ге дейінгі бір тәулікте Алматы перзентханаларында 60 бала дүниеге келген. Оның 26-ы - ұл бала, 34-і - қыз бала», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Кеше, 20 қарашада, кезектен тыс президент сайлауы өтті.