Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды

Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстандық, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды. 

Скатов 7:5, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағаттан астам уақытқа созылды. Тимофей өзінің теннистік мансабында жекелей сында алғашы Челленджер санатындағы чемпинодық атағына қол жеткізді.