Теңге құны құлдырады

Теңге құны құлдырады
Сурет: интернеттен

Алматы мен Астананың айырбастау пунктерінде 1 доллар 460-462 теңгеден сатылып жатыр.

Тамыз айының басынан бастап теңгенің долларға қатысты бағамы 3,24%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

23 тамызда KASE-де күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша американдық валюта $1 үшін 459,37 теңгеден сатылды. Ал 1 тамызда USD/KZT бағамы 444,94 теңгені құраған. Нәтижесінде ұлттық валюта 3,24% - ға немесе 14,93 теңгеге әлсіреді.

Сонымен қатар, EUR/KZT жұбы 1 тамызда еуро үшін 488,50 теңгеден, 23 тамызда еуро үшін 498,62 теңгеге дейін әлсіреді. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы аздап арзандады – рубль үшін 4,87 теңгеге дейін (рубль үшін 4,85 теңге – 1 тамыз).

Kurs.kz деректері бойынша Алматы мен Астананың айырбастау пунктерінде 1 доллар 460-462 теңгеден сатылып жатыр.