Тексеріс спорт алаңдарына да жүргізіледі

Тексеріс спорт алаңдарына да жүргізіледі
Сурет: Astanatv.kz

Астанадағы №10 мектеп аумағында, қайғылы оқиға болып, 10 жастағы бала қайтыс болды.

Жеткіншектің үстіне футбол қақпасы құлаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпаратына жүгінсек, қазір бала өліміне қатысты 306-шы бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.  Енді бұл қайғылы оқиғадан кейін елдегі барлық спорт алаңдары толық тескерілетін болады. Бұл жөнінде бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Ведомство жетекшісінің сөзінше, қазір арнайы комиссия құрылып, елдегі барлық спорт алаңдары қатаң тексерілетін болады.