Тауар экспорты артты

Тауар экспорты артты
Сурет: Dreamstime.com

Былтырғымен салыстырғанда 39,9%-ға өскен.

2022 жылы тауар экспорты 84,4 млрд долларды құрапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мұнай мен газ конденсатының экспорты 15,6 млрд долларға артты. 

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің баяндамасында жазылған.

«Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2022 жылы базалық сценарий барреліне 90 доллар болғанда, ағымдағы шоттың профициті 6,4 млрд долларды құрайды деп күтілуде. 2022 жылы тауар экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 39,9%-ға өсіп, 84,4 млрд долларды құрайды. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатының экспорты 15,6 млрд долларға артып, 46,7 млрд долларды немесе жалпы экспорттың 55,3%-ын құрайды», – деді бас банк өкілі.